Құрметті клиенттер мен контрагенттер!
Осы арқылы «Коммеск-Өмiр» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 62-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 27 сәуірдегі №15 қаулысына сәйкес «Сентрас Коммеск Life» ӨСК» АҚ-ны «Коммеск-Өмiр» ӨСК» АҚ-ға біріктіру түрінде «Коммеск-Өмiр» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсаттарды беру туралы хабарлайды.
Қайта ұйымдастыру нәтижесінде «Сентрас Коммеск Life» ӨСК» АҚ қызметі тоқтатылады. «Сентрас Коммеск Life» ӨСК» АҚ барлық мүлкі, құқықтары, міндеттері және міндеттемелері (қазіргі немесе болашақта туындауы ықтимал) тапсыру актісіне сәйкес «Коммеск-Өмiр» ӨСК» АҚ-ға өтеді. Бұл ретте «Коммеск-Өмiр» ӨСК» АҚ қызметі өзгеріссіз жалғасады.
Әрекеттегі сақтандыру шарттары бойынша «Сентрас Коммеск Life» ӨСК» АҚ барлық құқықтары мен міндетері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру міндеттемелері құқық мирасқоры ретінде «Коммеск-Өмiр» ӨСК» АҚ-ға өтеді. Сақтандыру шарттары өз әрекетін үздіксіз, өзгертусіз және сол шарттарда жалғастырады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау бойынша «Сентрас Коммеск Life» ӨСК» АҚ қызметі 2023ж. 01 маусымда аяқталады.
Жаңа сақтандыру шарттарын жасау қажет болса «Коммеск-Өмiр» ӨСК» АҚ-ға жүгінуді сұраймыз.
Әрекеттегі сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарына өзгерістер енгізу қажет болса, сақтандырушыны ауыстыру және шартқа қажетті өзгерістерді бір уақытта енгізу туралы үш жақсы келісім жасауды ұсынамыз.
Бірігу туралы шартты, тапсыру актісін бекіту туралы шешімдер қабылдау үшін «Коммеск-Өмір» ӨСК» АҚ және «Сентрас Коммеск Life» ӨСК» АҚ акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысын өткізу, сондай-ақ көрсетілген құжаттарға қол қою 2023 жылғы 19 маусымда жоспарланған. Көрсетілген күннен бастап «Коммеск-Өмір» ӨСК» АҚ барлық құқықтар мен міндеттер және барлық кредиторлары мен борышкерлеріне қатысты қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері, соның ішінде тараптар даулайтын міндеттемелер бойынша «Сентрас Коммеск Life» ӨСК» АҚ құқық мирасқоры болып табылады.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға жүгіну қажет: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әуезов к-сі, 60, 8-9 қабат, тел.+7 (727) 244 74 00.
Толығырақ көру
Закрытие филиала в г.Семей
АО «Компания по страхованию жизни «Коммеск-Өмір» сообщает о закрытии филиала АО «КСЖ «Коммеск-Өмір» в г. Семей, БИН 100 341 005 740. Основанием для снятия учетной регистрации является решение Совета директоров АО «КСЖ «Коммеск-Өмір» от 20.01.2025г. протокол №02.
Претензии принимаются в течение 2-х месяцев со дня публикации объявления по адресу: г. Алматы, ул. Наурыз батыра, 19., тел: +7 (727) 244 74 00.
Антивирус: күтпеген жағдайдан сіздің қорғанысыңыз!
Антивирус: күтпеген жағдайдан сіздің қорғанысыңыз!
ЖРВИ – ең кең таралған, әсіресе суық мезгілде жиі кездесетін аурулардың бірі. Біз «Антивирус» деп аталатын жаңа өнім шығарамыз, ол сізді және жақындарыңызды ауырып қалған жағдайда қаржылық қорғауды қамтамасыз етеді.
«Антивирус» деген не? Бұл жинақтаушы емес өмірді сақтандыру, ол ауыр асқынуға, ауруханаға жатуға немесе өлімге әкелуі мүмкін болатын жедел респираторлық вирустық инфекцияларға байланысты тәуекелдерді өтейді.
Бағдарламаның артықшылықтары:
· Күтпеген жағдайдан қаржылық қорғау. ЖРВИ аурулары ұзақ емделуді немесе ауруханаға жатуды қажет ететін ауыр асқынуға әкеп соқтыруы мүмкін. Сақтандыру жасалғанда ауруға шалдыққан жағдайда емдеу шығыны сізге және отбасыңызға ауыр салмақ болып түспейтініне кепілдік береді.
· Қиын сәтте қолдау көрсету. ЖРВИ асқынуынан қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемі пайда алушыға табысталады. Бұл қиын жағдайға тап болған отбасы үшін маңызды қаржылық көмек.
· Шарттары икемді және құны қолжетімді. Полисті 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге ресімдеуге болады, ал сақтандыру сомасының мөлшері қажеттілігіңізге байланысты таңдалады.
· Тәулік бойы қорғау. Полис Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тәулігіне 24 сағат, 365 күн күшінде болады.
· Ресімдеу оңай. Полисті онлайн немесе оффлайн оңай ресімдеуге болады. Ең аз құжат қажет етіледі, шарттары анық және келісімшартқа қол қою рәсімі қарапайым.
Бағдарлама туралы көбірек kommesk.kz сайтындағы «Денсаулық» бөлімінен білуге болады.
Шексіз қамқорлықпен, сіздің Коммеск!