Сертификаттар мен марапаттар

«Коммеск-Өмір» өмірді сақтандыру» компаниясының ҚР СТ ISO 9001-2016 (ISO 9001:2015) «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар» стандарттары бойынша сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификаты бар.

Оның күші таралатын сертификаттау саласы:

1.       ЭҚЖЖ 65.11.2 Өмірді мемлекеттік емес сақтандыру.

2.       ЭҚЖЖ 65.20.0 Қайта сақтандыру.

ҚР СТ – Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарты.

Бұл стандарт сапа менеджментінің, мысалы, клиентке бағдарланғандық, басшылықтың мотивациясы және ынтамен қатысуы, процестік тәсілдеме және үздіксіз жетілдіру сияқты бірқатар қағидаттарына негізделген.

Сапа менеджменті жүйесін қолдану ұйым үшін оның қыметінің нәтижесін жақсартуға және тұрақты дамуға бағдарланған басамалар үшін берік негізді қамтамасыз етуг көмектесетін стратегиялық шешім болып табылады.

Осы стандартқа негізделген сапа менеджменті жүйесін қолданудан ұйымға келетін ықтимал пайда төмендегідей:

тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруға және қолданыстағы заңнамалық және нормативтік талаптарға сәйкес келетін өнімдер мен қызметтерді тұрақты түрде ұсыну мүмкіндігі;

–тұтынушылардың қанағаттану дәрежесін арттыру үшін мүмкіндіктер жасау;

күш-жігерді айналадағы ортаға және ұйымның мақсаттарына байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктерге бағыттау;

–сапа менеджменті жүйесінің белгіленген талаптарға сәйкестігін көрсету мүмкіндігі.

 Коммеск-Өмір ISO 9001-2016 kaz.pdf