2022-10-20

Алдағы сақтандыру портфелін беру туралы сақтанушыларға (пайда алушыларға) ХАБАРЛАНДЫРУ

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-1-бабы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 ж. №262 қаулысының, Директорлар кеңесінің 2022.10.18 шешімінің негізінде №42 хаттама,  «Коммеск-Өмір» Сақтандыру компаниясы» АҚ, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 22.01.2019 ж. берген «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына №2.1.63 Лицензия, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі, 19, тел.+7 (727) 244 74 00, +7 701 244 74 00, заңнама талаптарын орындау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша, оның ішінде қолданылу мерзімі өткен, олар бойынша «Коммеск-Өмір» СК» АҚ сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар, қайта сақтанушылар) алдында міндеттемелері болатын немесе болашақта міндеттемелердің туындау ықтималдығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған тәуекелдер бойынша «Коммеск-Өмір» СК» АҚ міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелінің келесі сақтандыру түрі (сыныбы) бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру ұйымына (ұйымдарына) беру туралы хабарлайды:
- қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру.
Сақтандыру портфелін берудің басталуы 2022 жылдың 01 қарашасы. Сақтандыру портфелі берілетін сақтандырушы-сатып алушыны таңдау туралы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспа басылымында, қазақ және орыс тілдерінде және «Коммеск-Өмір» СК» АҚ  интернет-ресурсында хабарландыру жариялау арқылы қосымша хабарланатын болады.
Сондай-ақ, «Коммеск-Өмір» СК» АҚ Компанияның барлық органдарының өкілеттіктері шектеусіз өзгеріссіз қалатынын хабарлайды.
Сақтандыру шарттарын беруге келіспеген жағдайда сақтанушылардың қарсылықтары жазбаша нысанда, бас кеңсенің орналасқан жері бойынша: Алматы қ., Наурызбай батыр көш., 19, осы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынылады.
Осы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сақтанушының (қайта сақтанушының) жазбаша қарсылығының болмауы сақтанушының (қайта сақтанушының) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру портфелін беруге келісімі ретінде қаралады.
Сақтанушының (қайта сақтанушының) кепілдік берілмейтін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін беруге жазбаша қарсылығын алған жағдайда, осы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бұзылады.
Қайта сақтандыру бойынша сақтандыру портфелін беру қайта сақтанушының (цеденттің) осындай беруге келісімі болған кезде ғана жүзеге асырылады.

Толығырақ көру

2025-01-30 00:00:00

Закрытие филиала в г.Семей

АО «Компания по страхованию жизни «Коммеск-Өмір» сообщает о закрытии филиала АО «КСЖ «Коммеск-Өмір» в г. Семей, БИН 100 341 005 740. Основанием для снятия учетной регистрации является решение Совета директоров  АО «КСЖ «Коммеск-Өмір» от 20.01.2025г. протокол №02.

Претензии принимаются в течение 2-х месяцев со дня публикации объявления по адресу: г. Алматы, ул. Наурыз батыра, 19., тел: +7 (727)   244 74 00.

2024-11-05 00:00:00

Антивирус: күтпеген жағдайдан сіздің қорғанысыңыз!

Антивирус: күтпеген жағдайдан сіздің қорғанысыңыз!

ЖРВИ – ең кең таралған, әсіресе суық мезгілде жиі кездесетін аурулардың бірі. Біз «Антивирус» деп аталатын жаңа өнім шығарамыз, ол сізді және жақындарыңызды ауырып қалған жағдайда қаржылық қорғауды қамтамасыз етеді.

«Антивирус» деген не? Бұл жинақтаушы емес өмірді сақтандыру, ол ауыр асқынуға, ауруханаға жатуға немесе өлімге әкелуі мүмкін болатын жедел респираторлық вирустық инфекцияларға байланысты тәуекелдерді өтейді.

Бағдарламаның артықшылықтары:

·        Күтпеген жағдайдан қаржылық қорғау. ЖРВИ аурулары ұзақ емделуді немесе ауруханаға жатуды қажет ететін ауыр асқынуға әкеп соқтыруы мүмкін. Сақтандыру жасалғанда ауруға шалдыққан жағдайда емдеу шығыны сізге және отбасыңызға ауыр салмақ болып түспейтініне кепілдік береді.

·        Қиын сәтте қолдау көрсету. ЖРВИ асқынуынан қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемі пайда алушыға табысталады. Бұл қиын жағдайға тап болған отбасы үшін маңызды қаржылық көмек.

·        Шарттары икемді және құны қолжетімді. Полисті 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге ресімдеуге болады, ал сақтандыру сомасының мөлшері қажеттілігіңізге байланысты таңдалады.

·        Тәулік бойы қорғау. Полис Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тәулігіне 24 сағат, 365 күн күшінде болады.

·        Ресімдеу оңай. Полисті онлайн немесе оффлайн оңай ресімдеуге болады. Ең аз құжат қажет етіледі, шарттары анық және келісімшартқа қол қою рәсімі қарапайым.

Бағдарлама туралы көбірек kommesk.kz сайтындағы «Денсаулық» бөлімінен білуге болады.

Шексіз қамқорлықпен, сіздің Коммеск!

Толығырақ көру

2025-01-30

2024-11-05