Алматы қ. дамып келе жатқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, Алматы қ. төлем орталығы 24.06.2020 ж. бастап сақтандыру жағдайлары бойынша клиенттерге қашықтықтан қызмет көрсетуге қайта ауысатындығын хабарлаймыз. Сізге ыңғайлы болу үшін Компанияның Алматы қ. төлем орталығы құжаттарды онлайн режимінде, оның ішінде Қазақстанның барлық қалалары бойынша қабылдайтынын хабарлаймыз. Кеңсеге физикалық түрде жүгінуден уақытша бас тартуыңызды сұраймыз.
Сақтандыру төлемдерін онлайн режимінде алу үшін өзара әрекеттесудің келесі арналары арқылы жүгінуіңізді сұраймыз және ұсынамыз:
1) сайт арқылы: https://kommesk.kz/damages.html;
2) келесі нөмір бойынша WhatsApp арқылы: +77010297068 (бұл нөмір бойынша тек мәтіндік байланыс орындалады және құжаттарды қабылдау, қоңыраулар техникалық түрғыда қабылданбайды);
3) электрондық пошта бойынша: dsv@kommesk-omir.kz;
4) телефон бойынша;
5) Алматы қ. сізге ыңғайлы жерде апаттық комиссарлар арқылы құжаттарға қол қою қызметі арқылы (сіздің кеңсеге жеке келуіңіздің қажеті жоқ, жоғарыда көрсетілген әдістердің кез-келгенін қолдана отырып, өз мәліметтеріңізді және телефон нөміріңізді енгізу жеткілікті).
Байланыс кезінде сізбен байланысу үшін байланыс мәліметтеріңізді көрсетуіңізді сұраймыз.
Компания қол қойылған құжаттардың сканерленген және фотографияға түсірілген нұсқаларын қабылдайды.
Кеңес беру және құжаттарды қабылдау қашықтағы форматта жүзеге асырылады.
Барлық сұрақтар бойынша тәулік бойғы байланыс орталығына жүгінуге болады: (727) 244 74 00; (701) 244 74 00, WhatsApp бойынша жазуға болады: +7 777 744 7400, +7 701 029 7068.
Толығырақ көру
Закрытие филиала в г.Семей
АО «Компания по страхованию жизни «Коммеск-Өмір» сообщает о закрытии филиала АО «КСЖ «Коммеск-Өмір» в г. Семей, БИН 100 341 005 740. Основанием для снятия учетной регистрации является решение Совета директоров АО «КСЖ «Коммеск-Өмір» от 20.01.2025г. протокол №02.
Претензии принимаются в течение 2-х месяцев со дня публикации объявления по адресу: г. Алматы, ул. Наурыз батыра, 19., тел: +7 (727) 244 74 00.
Антивирус: күтпеген жағдайдан сіздің қорғанысыңыз!
Антивирус: күтпеген жағдайдан сіздің қорғанысыңыз!
ЖРВИ – ең кең таралған, әсіресе суық мезгілде жиі кездесетін аурулардың бірі. Біз «Антивирус» деп аталатын жаңа өнім шығарамыз, ол сізді және жақындарыңызды ауырып қалған жағдайда қаржылық қорғауды қамтамасыз етеді.
«Антивирус» деген не? Бұл жинақтаушы емес өмірді сақтандыру, ол ауыр асқынуға, ауруханаға жатуға немесе өлімге әкелуі мүмкін болатын жедел респираторлық вирустық инфекцияларға байланысты тәуекелдерді өтейді.
Бағдарламаның артықшылықтары:
· Күтпеген жағдайдан қаржылық қорғау. ЖРВИ аурулары ұзақ емделуді немесе ауруханаға жатуды қажет ететін ауыр асқынуға әкеп соқтыруы мүмкін. Сақтандыру жасалғанда ауруға шалдыққан жағдайда емдеу шығыны сізге және отбасыңызға ауыр салмақ болып түспейтініне кепілдік береді.
· Қиын сәтте қолдау көрсету. ЖРВИ асқынуынан қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемі пайда алушыға табысталады. Бұл қиын жағдайға тап болған отбасы үшін маңызды қаржылық көмек.
· Шарттары икемді және құны қолжетімді. Полисті 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге ресімдеуге болады, ал сақтандыру сомасының мөлшері қажеттілігіңізге байланысты таңдалады.
· Тәулік бойы қорғау. Полис Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тәулігіне 24 сағат, 365 күн күшінде болады.
· Ресімдеу оңай. Полисті онлайн немесе оффлайн оңай ресімдеуге болады. Ең аз құжат қажет етіледі, шарттары анық және келісімшартқа қол қою рәсімі қарапайым.
Бағдарлама туралы көбірек kommesk.kz сайтындағы «Денсаулық» бөлімінен білуге болады.
Шексіз қамқорлықпен, сіздің Коммеск!