Қазақстан Республикасында ерекше жағдай жариялануына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша, шектеу, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар енгізілуіне байланысты, 2020 жылғы 19 наурыздан бастап, Компания сақтандыру оқиғалары бойынша клиенттерге қашықтан қызмет көрсетуге көшетінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты, апаттық комиссарлардың жол-көлік оқиғаларына және сақтандыру оқиғаларына қызмет көрсетуі тек телефон мен мессенджерлер арқылы қашықтан жүзеге асырылатынын хабарлаймыз. Сіз ЖКО қатысушысы болған жағдайда, Жол Қозғалысы Ережелерінде және «Жол Қозғалысы туралы» Заңда көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға және жол полициясы қызметкерлерін шақыру жолымен ЖКО ресімдеуге кеңес береміз. Ерікті сақтандыру түрлері бойынша орын алған сақтандыру оқиғалары бойынша, сақтандыру оқиғасының орын алуының мән-жайларын, өз мүлкіңіздің және көлік құралдарының зақымдарын өзіңіз фотоға түсіріп алыңыз. Апаттық комиссарлар сізге мұны жасауға міндетті түрде көмектеседі және бүкіл қажетті консультацияларды қашықтан береді.
Төлем орталықтары қашықтан жұмыс режиміне көшеді, осыған байланысты, барлық қалаларда сақтандыру оқиғалары бойынша құжаттар қабылдау, өкінішке қарай, жүзеге асырылмайды. Барлық қалалар бойынша құжаттар қабылдау Компанияның сайты, мессенджер, электронды пошта және басқа электрондық коммуникация арналары арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады. Бұл орайда, Компания қол қойылған құжаттардың сканерленген және фотоға түсірілген нұсқаларын қабылдайды. Төлем орталықтарының қызметкерлері сізге мұны жасауға міндетті түрде көмектеседі және бүкіл қажетті консультацияларды қашықтан береді.
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жүру бойынша енгізілетін шектеулерді ескере отырып, сақтандыру объектілері мен көлік құралдарын қарап тексеруді жүргізу қиынға айналады. Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сондай-ақ басқа қалаларда ерекше жағдай кезеңіне қарап тексеру жүргізу мақсатында Компанияға жүгінуден мүмкіндігіне қарай бой тартуға өтініш жасаймыз және кеңес береміз. Сіздерден қарап тексеру жүзеге асырылмайтын немесе кідіріспен жүзеге асырылатын жағдайларда түсіністікпен және шыдамдылықпен қарауды сұраймыз. Компания қарап тексеруді жүргізу үшін, бірақ енгізілетін қауіпсіздік шараларының сақталуы шартымен, бар күшін салады.
Сақтандыру оқиғасы туралы хабарлауды, нұқсанды бағалауды ұйымдастыруға және сақтандыру төлеміне сұраулар жіберуді сіз төмендегідей жүзеге асыра аласыз:
1) біздің сайтымызда: https://kommesk.kz/damages.html
2) WhatsApp арқылы келесі нөмір бойынша: +77019512008 (бұл нөмір бойынша тек мәтіндік араласу және құжаттар қабылдау жүзеге асырылады, қоңыраулар техникалық тұрғыдан қабылданбайды).
3) электронды пошта арқылы келесі мекенжай бойынша: dsv@kommesk-omir.kz
Әрбір жүгініс бойынша біз Сізге хабарласа алуымыз үшін, өзіңіздің байланыс деректеріңізді міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.
Барлық мәселелер бойынша тәулік бойғы Call-center-ге жүгінуге: +7 701 244-74-00, +7 727 244-74-00, WhatsApp бойынша жазуға болады: +7 777 744 7400
Толығырақ көру
Закрытие филиала в г.Семей
АО «Компания по страхованию жизни «Коммеск-Өмір» сообщает о закрытии филиала АО «КСЖ «Коммеск-Өмір» в г. Семей, БИН 100 341 005 740. Основанием для снятия учетной регистрации является решение Совета директоров АО «КСЖ «Коммеск-Өмір» от 20.01.2025г. протокол №02.
Претензии принимаются в течение 2-х месяцев со дня публикации объявления по адресу: г. Алматы, ул. Наурыз батыра, 19., тел: +7 (727) 244 74 00.
Антивирус: күтпеген жағдайдан сіздің қорғанысыңыз!
Антивирус: күтпеген жағдайдан сіздің қорғанысыңыз!
ЖРВИ – ең кең таралған, әсіресе суық мезгілде жиі кездесетін аурулардың бірі. Біз «Антивирус» деп аталатын жаңа өнім шығарамыз, ол сізді және жақындарыңызды ауырып қалған жағдайда қаржылық қорғауды қамтамасыз етеді.
«Антивирус» деген не? Бұл жинақтаушы емес өмірді сақтандыру, ол ауыр асқынуға, ауруханаға жатуға немесе өлімге әкелуі мүмкін болатын жедел респираторлық вирустық инфекцияларға байланысты тәуекелдерді өтейді.
Бағдарламаның артықшылықтары:
· Күтпеген жағдайдан қаржылық қорғау. ЖРВИ аурулары ұзақ емделуді немесе ауруханаға жатуды қажет ететін ауыр асқынуға әкеп соқтыруы мүмкін. Сақтандыру жасалғанда ауруға шалдыққан жағдайда емдеу шығыны сізге және отбасыңызға ауыр салмақ болып түспейтініне кепілдік береді.
· Қиын сәтте қолдау көрсету. ЖРВИ асқынуынан қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемі пайда алушыға табысталады. Бұл қиын жағдайға тап болған отбасы үшін маңызды қаржылық көмек.
· Шарттары икемді және құны қолжетімді. Полисті 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге ресімдеуге болады, ал сақтандыру сомасының мөлшері қажеттілігіңізге байланысты таңдалады.
· Тәулік бойы қорғау. Полис Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тәулігіне 24 сағат, 365 күн күшінде болады.
· Ресімдеу оңай. Полисті онлайн немесе оффлайн оңай ресімдеуге болады. Ең аз құжат қажет етіледі, шарттары анық және келісімшартқа қол қою рәсімі қарапайым.
Бағдарлама туралы көбірек kommesk.kz сайтындағы «Денсаулық» бөлімінен білуге болады.
Шексіз қамқорлықпен, сіздің Коммеск!