
COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы қазақстандық инактивтендірілген QazCovid-in (QazVac) вакцинасын және оны өндіру технологиясын әзірлеуші.
«Биологиялық қауіпсіздік және биотехнология» ғылыми журналының бас редакторы. 200-ден астам ғылыми жарияланымның, 8 ғылыми-әдістемелік құралдың, 5 монографияның, өнертабысқа 29 патенттің, оның ішінде 2 халықаралық патенттің, профилактикалық және диагностикалық дәрілерді өндіруге арналған 7 нормативтік-техникалық құжаттың авторы.
Менің өмір қағидаларым
Өмірлік ережелердің
көпшілігі – ата-анамның қағидалары мен
ұстанымдары. Өзін-өзі тәрбиелеу. Мақсаттылық. Табандылық. Оқуға, жұмысқа, тапсырмаға, берілген сөзге және уәдеге жауапкершілікпен қарау. Өз әрекеттерім мен нәтижелерім үшін жауапкершілік. Кез келген қиын жағдайда ыңырсып кетпей, дұрыс жол іздеу. Жолда кездесетін кез келген қиындықтар өсу және даму мүмкіндіктері ретінде қарастырылуы керек. Болашаққа еш қатысы жоқ өткен күнмен өмір сүрмеу. Риза болу. Сен құрметтейтін және қадірлейтін, позитивті және ынталандыратын және олардан бірдеңені үйренуге болатын адамдармен көбірек уақыт өткізу.
Сіздің ғылыммен айналысуыңызға кім немесе не әсер етті?
Бұл шешімге ешкім де, ештеңе де әдейі әсер еткен жоқ. Менің анам жарты ғасырға жуық химия және биология пәнінің мұғалімі болды. Химия кабинетінің жанында реактивтер, ыдыс-аяқтар, құрал-жабдықтар сақталатын лаборант бөлмесі болды. Онда, кез келген білімқұмар балалар сияқты, ағам екеуміз жиі тәжірибелер өткізетінбіз...
Бірнеше осындай
әзілдерден кейін ата-ана бұл мәселеге тыйым салу арқылы емес, керісінше нақты
реагенттері және тәжірибелерді сипаттайтын кітабы бар «Жас химик» жинағын сатып
берді, Кеңес уақытында мұндай жинақтар дүкендерде сатылатын. Бұл менің бала
кезімнен қызығушылық танытқан ісім, әуелі пәндік олимпиадаларға, кейін ғылыми
жобаларға өткен хоббиім болды. Бұл жолдың басы болса керек.

Кез келген дәуірдегі кез келген ғалымға бір сұрақ қоюға мүмкіндік болса, бұл ғалым кім болатын еді және қандай сұрақ қояр едіңіз?
Реалист болу керек. Ондай мүмкіндік болмайды.
Кез келген істе өзгерісті кезеңдер болады. Сізде болды ма?
Менің өмірім қиындықтарға толы болды. Үздіксіз кедергілер. Жақындарымның арасында беделді туыстар да, таныстар да болған жоқ. Ең жақын адамдармен де қиындықты бөліспеуге тырысамын, ешкімге ауыртпалық түсіргім келмейді. Мен барлығын өзім шешуге тырысамын.
Қиын кезеңдердің бірі - өз үйінің болмауы. Мемлекеттік бағдарлама бойынша алғашқы пәтерімді 45 жасымда алды. Көбінесе жұмыстан кейін лық толы автобуста түнгі қала бойымен өтіп, үйлердің жарқыраған терезелеріне қарап отырып: «Құдайым-ай, өз үйі, өз бөлмесі бар, өздеріне ұнайтын нәрсені пісіретін қандай бақытты адамдар...» деп ойлайтынмын.
Жағдайсыздық, тұрмыстың, ошақтың жоқтығы, үлкен сынақ болды. Және мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алған кезде, тыныштық, байсалдық, тыныш қуаныш... және Алла Тағалаға деген үлкен алғыс сезінгенімді сөзбен жеткізу мүмкін емес.
Расында да, «күнделікті өмір сананы анықтайды». Ғалымдар үшін жағдай жасалуы керек. Олар отбасын қалай асыраймын, үйді қайдан, қалай жалға аламын деп ойланбауы тиіс. Ғылыми ізденістерге толықтай үңілсе, олардың қоғамға да, мемлекетке де пайдасы молырақ болады.
Сізге өмір сүруге не кедергі жасайды және не көмектеседі?
Менің өмірім – бұл жұмыс. Мен өз өмірімді осылай байланыстырамын. Сондықтан жұмыс істеуіме не кедергі жасайды деген сұрақ қойған дұрыс. Әрине, бюрократия. Жауапкершілікті өз мойнына алуға шешім қабылдағандардың қорқуы.
Не көмектеседі? Алла Тағалаға деген сенім. Менің отбасым көмектеседі, ата-бабаларымның рухының, достарымның, ұжымымның алдындағы жауапкершілік. Және, әрине, менің жұмысым. Менің барлық ойларым, армандарым, мақсаттарым, жоспарларым, алаңдауым, шабытым, қуанышым – бұл менің жұмысым. Ел басшылығы мен үкімет БҚМҒЗИ біздің QazVac вакцинамызды әзірлеуге, сынауға және шығаруға көмектесті, сіз бұған қаншалықты күмәнмен қарасаңыз да, бұл дәл солай.
Сіз басқа адамдардың кеңесін қолданасыз ба?
Мен оны қолданбаймын, бірақ көңіл аударамын. Олардың ішінде ұтымды кеңес болса, еңбекке пайдасы тиер болса. Мен талдаймын, салыстырамын, бірақ шешімді әрқашан өзім қабылдаймын.
Жаңадан жұмыс істей бастаған ғалымдар мен зерттеушілерге қандай кеңес берер едіңіз?
Армандаудан қорықпау. Арман шабыттандырады. Қиындықтан қорықпау, жұмыс істеуге ерінбеу. Қиындықтар мен еңбектену шынықтырады, қажетті тәжірибе мен дағдыларды қамтамасыз етеді. Алдыңа биік мақсаттар қойып, оларға дұрыс жолмен жүру. Жүрегіңдегі қуанышпен оқып, жұмыс істеу. Және сену. Білімсіз, имансыз, сабырсыз, еріксіз – ештеңе шықпайды.
Кәсіби арманыңызбен бөлісіп, қай ғалымнан үлгі алатыныңызды айтыңызшы.
Мен көп нәрсені үйренгім келеді. Бүгінгі күні биология ғылымы күн сайын дерлік әлемде серпінді, жаңа ашылулар мен әзірлемелермен дамып келеді. Биотехнология мен биофармация орасан зор табыс әкелетін әлемнің көптеген жетекші елдерінің экономикасының қарқынды дамып келе жатқан салалары болып табылады. Бұл елдерді қуып жету өте қиын. Бұл менің арманым – Отанымыздың биотехнологиялық саласының қалыптасуына және құрылысына қатысу. Қаншалықты артта қалсақ та, бар күшімізді салып, алға ұмтылуымыз керек. Бір орында тұрып, уақытты жіберіп алуға құқығымыз жоқ. Мемлекеттік органдар биотехнолог ғалымдардың жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасауы қажет.
Мен жас ғалымдарға еліктеуге тырысамын. Бұл олардың уақыты, олардан үйренер көп нәрсе бар. Олар заманауи, креативті, позитивті, еркін ойлайды. Дәл қазір үлесті жастарға қою керек. Бізде талантты жас ғалымдар өте көп. Оларға жол ашып, үйрету, білім мен тәжірибені беру, ынтымақтасу, бағыттау керек. Оларға нақты кешенді ғылыми міндеттер қойып, мемлекеттік тапсырыстар беру қажет. Егер бұл жүйе дұрыс құрылса, онда жақын уақытта жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз.