
Жайдарбек Кунгужинов, трюк қоюшы, каскадер,
актер.
«Nomad Stunts»
халықаралық кәсіби каскадерлер тобының негізін қалаушы және жетекшісі.«Hitz International» халықаралық каскадерлік режиссерлер тобының мүшесі.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
Жүлделері мен марапаттары:
«Құрмет» ордені.
Қазақстан Республикасы Кинематографистер одағының «Үздік каскадер» сыйлығы (2019).
«Таурус» Әлемдік каскадерлер академиясының номинанты (АҚШ, 2017, 2020 жылдар).
«Кинодағы спортты танымал еткені үшін» Халықаралық жекпе-жек академиясының сыйлығы (АҚШ, 2013).
Халықаралық жекпе-жек өнер академиясының Құрмет медалі (АҚШ, 2013).
Бірінші ереже - барлығына - жұмысқа, өмірге және отбасынаұқыптылықпен қарау.
Екіншісі - жасаған барлық нәрсе үшін жауапкершілік.
Үшіншісі – бүкіл ұжымның тәртіпті сақтауы, өйткені денсаулық пен өмір тәртіпке байланысты.
Сіздің кинодағы бағытыңыз қалай басталды? Сіз NomadStunts каскадёры қатарына қалай және қашан кірдіңіз?
Менің ағаларым Мәскеу мемлекеттік циркінде жұмыс істеді, олардың ат акробатикасы бойынша тобы болды. Әскери борышын өтеген соң мені сонда жұмысқа алды. Содан Одақтың ыдырауы орын алды, аттарымызды сатып алып, атамекенге қайтуға тура келді. Түрлі фестивальдарда біз алтын, күміс, қола жүлделер алдық, кейін Қазақстанда атты каскадерлер болып жұмысқа шақыра бастады.
Циркте марапаттар алғаннан кейін мен алға
жылжып, жаңа нәрсе жасағым келді. Сонымен,2000 жылы «Nomad Stunts» каскадерлік
тобын ұйымдастырдық, 2003 жылы «Көшпенділер» бірінші фильміне шақырылдық.

Ең алдымен, психологиялық тұрақтылық қажет, әйтпесе адам тез жарақат алып, сәтсіздікке ұшырайды. Көп нәрсеге дайын болу қажет, бір күнде көп трюк жасауға да, бір жыл жұмыссыз отыруға да дайын болу керек. Оған әркім шыдай алмайды. Біздің командада тай боксынан әлем чемпионы, джиу-джитсудан әлем чемпионы бар. Сіз керемет спортшы болсаңыз да, жаңадан бастаған болсаңыз да маңызды емес, біз барлығын қайта оқытамыз. Каскадер болу үшін міндетті түрде спортпен шұғылдану қажет.Спорт кем дегенде үш жыл.Таңдау кезінде біз каратэ, таэквондо және акробатикамен кәсіби түрде айналысқан үміткерлерге назар аударамыз.
Каскадердың кәсіби ұзақтығы қандай?
Барлығы жеке адамға байланысты. Денсаулық,
энергия, реакция өте маңызды. Әдетте, мен 40 жастағыларға қиын трюктарды
жасауға рұқсат бермеймін. Ережеден тыс жағдайлар да бар, біздің Султан
Дикамбаев 63 жаста қиын трюктарды жасайды, оның физикалық пішіні тамаша.

Біздің режиссерлердің және шетелдіктердің жұмыс жасауда айырмашылықтары бар ма?
Үрдістері бірдей, бірақ біздің айламыз - біз жан-жақтымыз. Біз төбелесеміз де құлаймыз, өртенеміз және арқанмен жұмыс істейміз, көлік жүргіземіз және ат үстінде трюк жасаймыз. Продюсерлерге бізбен жұмыс істеу оңайырақ. Біздің командада жақсы шабандоздар бар, бұл бағыт каскадерлер арасында ең қиын бағыттардың бірі болып саналады.
Каскадерлер үшін ең қауіпті трюктар қандай?
Барлық трюктар қауіпті. Ең оңайы - асфальтқа құлау. Күрделілерге автотрюктар, атпен жүру, биіктіктен құлау жатады. Менің су астындағы бейне түсіруге қатысты бір оқиғам бар. Біз «Марко Поло» фильмінде жұмыс істедік, онда теңіздегі мәйіттерді бейнелеу керек болды, каскадерлер арасында мұны істегісі келетіндер аз болды. Әлия Ысқақова екеуміз ғана келістік. Нәтижесінде бізге су астында 40 минут тұруға тура келді, олар бізді су бетіне шығаруға мүмкіндік бермей, мезгіл-мезгіл дем алуға рұқсат берді. Бәрі ойдағыдай болды. Бәлкім, біздің каскадерлар психологиялық жағынан да, физикалық жағынан да әртүрлі еңбек жағдайларына көбірек бейімделген шығар.
Сіз белгілерге сенесіз бе?
Белгілерге сенбеу дұрыс. Әркім трюкті
орындауға өзінше дайындалады, біреу сөйлеседі, біреу кеңес пен қолдау күтеді,
біреу жалғыз қалуды таңдайды.

Өміріңіздегі ең абайсыз әрекет?
Мен ондайды үнемі жасаймын, үнемі сынамын, жарақат аламын. Натали Портманмен Ирландияда жұмыс істегенде режиссер мені күйме астына түсуім керек деп шешті. Трюк алдын ала репетицияланбады, жарақат алатынымды білдім, бірақ тәуекелге бардым, ақыры барлығы мен сезгендей болды. Үндістанда түсірілген тағы бір жолы да қауіпті трюк жасау керек емес еді, бірақ өз жігіттерімді аяп, өзім орындаймын деп шештім. Атпен бірге құладым – омыртқам сынды. «Күндізгі күзетте» қатты құлап аударылдым - омыртқаның тағы бір сынуы. Өмір бойы өзіме өзім проблема іздеп отырмын.
Танымал актерлердің қайсысымен жұмыс істедіңіз?
Натали Портман, Эд Харрис, Колин Фаррелл, Сильвестр Сталлоне, Арнольд Шварцнеггер және басқалар.
Сіздің мамандығыңыздағы кумиріңіз кім?
Джеки Чан, әрине. Бұл өзін өзі жасаған адам. Балалық шағы қиын болды, ол Америкада ұзақ уақыт бойы танылмады және Голливудқа да жіберілмеді, бірақ ол ерекше талантты. Оған өте таңданамын, ол жарақаттанып та жұмыс істеді, оның қаншалықты қиын екенін өзім білемін. Бұрын біз жай каскадер едік, бірақ ол бұл мамандықты биікке көтерді, оның қаншалықты қауіпті, қиын, бірақ мүмкін екенін көрсетті.
Шынайы өмірдегі сіздің сүйікті кейіпкерлеріңіз?
Адал, әдепті, мәдениетті адамдар. Өкінішке орай, біздің елде адамдардың мінез-құлық мәдениеті төмен, тәрбиелеуде олқылықтар көп. Меніңше, батыста тәртіп пен дисциплина көбірек.Бірақ біздің ел қонақжайлылыққа, достыққа және жылылыққа толы.
Сіз алған жарақаттарыңыздан кейін қалай қалпына келесіз?
Барлық қалпына келу басыңнан басталады, яғни тезірек оңалып, әрі қарай жұмыс істеу үшін көңіл-күй қажет. Әрине, біздің дене дайындығымыз бен жаттықанымыз өте маңызды.
Жаттығуға қанша уақыт кетеді?
Біз күн сайын жаттығамыз, түсірілім алдында бір ай бойы демалыссыз жаттығамыз.
Сіздің мамандығыңызда әйелдер өзін қаншалықты дәрежеде табады?
Бізде қыздар көп. Біздің командада Әлия
Ысқақова үздік болды, ол барлық трюктарды жасаған, қазір Канадада тұрады, сонда
тұрмысқа шықты, бірақ ол әлі де бізбен бірге. Менің жұбайым да біздің
командада. Джиу-джитсу бойынша чемпионымыз Аида Сэмюэль Джексонмен бірге трюк
бойынша жұмыс істеді. Біз әйелдерге өте күрделі трюктарды бермеуге тырысамыз,
қамқорлық жасаймыз, өйткені олардың физикасы басқа, олар жаттығуларға көбірек
уақыт бөлуі керек.

Сіздің өміріңіздегі ең үлкен мақтаныш не немесе кім?
Мен өз марапаттарымды, ата-анасыз ерте қалған көп балалы отбасынан шыққан қарапайым ауыл баласының әлемдегі ең үздік каскадерлердің біріне айналғанымды, «Таурус» – актерлік ортадағы «Оскар» сыйлығын алғанымды мақтан тұтамын.
Сізге берілген ең үздік, ең құнды кеңес қандай? Оны кім берді?
Анам барынша адал болу керек, өтірік пен жамандық міндетті түрде кедергі жасайды деп айтатын. Сенің отбасыңды өз әрекеттеріңе байланысты бағалайды. Бастаған ісіңнен бас тартпау, сәтсіздікте ешкімді кінәламау, тұрақты болу маңызды.