Эльдар Сәрсенов, «Нұрбанк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы
 
Менің өмір қағидаларым
Қағидалар, шын мәнінде, қарапайым, олар менің кәсіби және жеке өмірімнің негізінде жатыр, маған өмір сүруге және әрекет етуге көмектеседі.
Біріншісі – субъективті немесе объективті себептер, өрлеулер болған кезде, өзіне және басқаларға деген адалдық. Үлкен ұжымның бір бөлігі болып, субъективті немесе объективті себептер болған кезде үлкен ұжымда адал болу одан да қиын.  Әлемді махаббат пен сұлулық емес, адалдық құтқарады.
Екіншісі – тәртіп, ол сізден тәжірибелі болғандарды басып озып, алға шығуға көмектеседі. Іске кірісу үшін тамаша жағдайларды күтпеңіз. Жағдай жақсырмағанша, ісіңізді бастаңыз да жалғастырыңыз.
Үшіншісі – қарапайымдылық – өзіңізді және өмірдегі кейбір жағдайларды тым байыппен қабылдамау. Қатты күйзелмей, көп нәрсені өз есебіңізге қабылдамаңыз.
 
Сіздің кәсіби салаңызда жаңадан дамып келе жатқандарға қандай кәсіби кеңес бере аласыз?
Ешқашан өзіңізді басқалардан ақылдымын, сіз бірдеңе үйреніп енді оған нүкте қоя аласыз деп ойламаңыз, үнемі дамып отырыңыз. Білімге аш болыңыз, өйткені ақылды адаммен бірге үндемей отырған да қызық.
 

 

 
 
Сіз өзіңізді ынталандырасыз ба? Егер ынталандырсаңыз, қай түрде?
Менде драйв жеткілікті, кейде бір күн демаламын - сонда қалпыма келемін. Әдетте айналаның өзгеруі күш пен алға ұмтылу ынтасын береді.
 
Стресстен арылуға не көмектеседі?
Мен үшін ең тиімдісі – спорт пен тұрақты ұйқы. Біздің денеміз отыруға және демалуға бейімделмеген, ол қозғалысты қажет етеді.
 
Сіздің балалық шағыңыздағы сүйікті кейіпкеріңіз кім болды? Неге?
Шерлок Холмс. Маған оның ақыл-ойы, дарындылығы, парасаттылығы, абсолютті логикасы мен әдеттен тыс ойлауы, қажетсіздің бәрін алып тастау және ең қиын жұмбақтарды шешу қабілеті ұнады! 

 

 
Несіз күн көре алмайсыз?
Жұмыссыз мен дамымаймын. Шалағай істеп, жеткіліксіз өмір сүріп жатқан сияқтымын. 
 
Егер сіз әлемді аралап саяхаттау шешімін қабылдасаңыз, өзіңізбен бірге кімді алатын едіңіз?
Жұбайымды және ең жақын досымды.
 
Бала кезіңіздегі өзіңізбен көрісу мүмкіндігіңіз болса, өзіңізге не тілер едіңіз?
Бұл ұзақ диалог болар еді. Бір сөзбен айтқанда, мектепте жақсы оқы, еңбекқор бол, өйткені білім байытады. Балалық және жасөспірімдік шақта мектептің бізге беретінін бағалау қиын. Шын мәнінде, бұл оқудан басқа сенен ештеңе талап етілмейтін ең жақсы уақыт.
 
Өмірде кімді үлгі тұтасыз?
Әкемді. Менің ойымша, ер бала үшін, әке әрқашан басты үлгі болуы керек.