
Илья Ильин, қазақстандық ауыр атлет, төрт дүркін әлем чемпионы,
жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін
чемпионы.
Төрт әлемдік рекордтың иегері. Ол төрт рет (2005, 2006, 2014, 2015) әлемнің ең үздік ауыр атлеті атанды.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.
Менің өмір қағидаларым
Жанның, ақылдың және дененің тепе-теңдігі табысқа жетелейтін энергияны тудырады.
Күнделікті шағын жеңіс өмірлік Олимпиада медаліне әкеледі.
Отбасы, достар, жақсы қарым-қатынас – бәрінен де маңызды.
Қандай балалық армандарыңызды орындай алдыңыз?
Олимпиада ойындарында жеңіске жету арқылы арман
орындалды, сондықтан бәрі еңбек пен табандылықтың арқасында орындалды деп
айтуға болады. Барлығы бір-бірімен байланысты және менің өмірлік ережелерім
жұмыс істейтін жерде менің армандарым орындалады. Ал жасым ұлғайған сайын
армандар жоспарлар мен міндеттерге айналды.

Егер кішкентай өзіңізбен көрісу мүмкіндігіңіз болса, бұл жағдайда өзіңізге не тілер едіңіз?
Білім ал, кітап оқы, болашақта бұл қажет болады. Дұрыс жолмен жүр және әрқашан алға ұмтыл, үнемі өзіңмен жұмыс жаса, өзіңнің мықты жақтарыңды жетілдір. Өзіңе сен, сонда жетістікке жетесің.
Әр адам өмірінде кем дегенде бір рет не істеу керек?
Мүмкін, өзінің жайлылық шеңберінен тыс шығу, стресстік жағдайда өзін сынау. Өз күшін жаңа қызықты істе сынап көру. Әлемге басқа қырынан қарау.
Табыс — бұл сәттілік пе, әлде өзіңді жетілдіру ме?
Әрине, бұл өзіңді әрдайым жетілдіру. Нәтижесінде
лайықты нәтиже мен табысқа келесің. Сәттілік те маңызды рөл атқарады, керек
жерде керек уақытта болу дегендей. Бірі болмаса, екіншісі де болмайды. Өзіңмен
жұмыс жасап, өзіңді жетілдіру сәттілікке әкеледі деп ойлаймын.

Мен үшін ең үлкен авторитет – менің бапкерім, кейде, ол әрқашан қасымда бола алмайтын ата-анамды алмастыратын, досым әрі ағам болатын.
Қандай табиғаттан тыс қабілетке ие болғыңыз келеді?
Менің күшім мен үшін жеткілікті.
Сізді өмірде не шабыттандырады?
Өмірдің өзі. Өзің үшін және басқалар үшін бақытты бола білу, алға өршіл мақсаттар қойып, оларға қол жеткізу. Қызымды тәрбиелеу, ата-анам үшін ұлағатты ұл болу, жақсы дос, елімнің адал азаматы болу. Саяхаттау, ең үздік қасиеттерді сіңіру.