Денсаулығына байланысты проблемалар туындаған жағдайда, қарыз алушының сақтандыруы сізді және сіздің отбасыңызды несиені өтей алмау қаупінен қорғайды. Бұл жағдайда өмірді сақтандыру компаниясы сіз үшін банк алдындағы несиелік міндеттемелеріңізді орындайды.
Сақтандыру мерзімі:
– 12 ай;
– несиенің барлық мерзіміне.
Сақтандыру қорғанысы сақтандыру сыйлықақысы Сақтандырушының банктік шотына түскен күннен кейінгі күні сағат 00:00-ден бастап, бірақ шарттың қолданылу мерзімі басталған күннен ерте емес жұмыс істей бастайды.
Сақтанушы:
– Несие ұйымы.
– Несие шартын жасайтын жеке тұлға
Сақтандырылған:
Қарыз алушы
Пайда алушы:
Сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға
Қайтыс болған жағдайда – несие ұйымы немесе Сақтанушының мұрагерлері.
Мүгедектік жағдайында – несиелік ұйым немесе Сақтанушы.
Сақтандыру аймағы:
Қазақстан Республикасы және одан тыс жерлерде, мыналарды қоспағанда:
– әскери іс-қимылдар және (немесе) терроризмге қарсы операциялар жүргізілетін мемлекеттердің аумақтары;
– індет ошақтары анықталған және танылған мемлекеттердің аумақтары;
– баруға Қазақстан Республикасының СІМ ресми түрде ұсынбаған мемлекеттердің аумақтары.
Сақтандыру сыйлықақысы (құны):
Тариф несие көлеміне байланысты.
Сақтандыру жағдайы
Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайлары:
– сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңінде болған ауру салдарынан сақтанушының қайтыс болуы;
– сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңінде болған жазатайым оқиға нәтижесінде Сақтанушының қайтыс болуы. Бұл ретте, егер жазатайым оқиға сақтандыру қорғанысының қолданылу мерзiмiнде орын алса және Сақтанушының қайтыс болуына әкеп соқтырса, Сақтандырушы сақтандыру төлемi бойынша жауапты болады;
– сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңінде болған жазатайым оқиғаның салдарынан сақтанушы үшін 1, 2 және 3 топтағы мүгедектікті белгілеу.
Сақтандыру жағдайларының тізімі Сақтанушының таңдауы бойынша белгіленеді және сақтандыру шартында көрсетіледі.
Жарналардың кезеңділігі
1 жылдық сақтандыру мерзімі жағдайында:
бір рет, сақтандыру шартында белгіленген тәртіппен және мерзімде
Сақтандыру мерзімі несие мерзіміне тең болғанда:
– жыл сайын, сақтандыру шартында белгіленген тәртіппен және мерзімде;
– бір рет, сақтандыру шартында белгіленген тәртіппен және мерзімде.