2022-02-18

Майя Веронская

 
Майя Веронская, қазақстандық тележүргізуші, журналист, актриса.
 
Марапаттар:
«Тіл жаңашылы» медалі
«Менің Қазақстаным» IV республикалық патриоттар форумының «Жыл патриоты» медалі
«Баспасөзді және ақпаратты дамытудағы еңбегі үшін» ТМД МПА Кеңесінің медалі
 
 
Майя, өмірлік қағидаларыңызбен бөліссеңіз?
•  Армандар орындалады!
•  Қол жеткізгенмен тоқтап қалмай, әрқашан тек алға ұмтылып даму.
•  Жоспарлар мен ниеттеріңіз туралы алдын ала айтпау. Нәтижесі бар – болған жағдайда ғана бөлісуге болады.  Іске асқанымен ғана бөлісу.
•  Сөзде тұру. Және сөзінде тұрғандармен ғана қарым-қатынас жасауға тырысу.
•  Кешікпей келу – өте маңызды. Сөзде тұру қасиетімен қатар.
•  Мен күнделікпен өмір сүремін. Сондықтан көп жерге үлгеремін. Ең маңызды нәрселер туралы ұмытпаймын.
•  Пайдаланбайтын нәрсені аяусыз тастау немесе бере салу. Кеңістігіңді босату.
•  Өз сезіміңе, ішкі түйсікке сену. Бір фильмнің кейіпкері айтқандай: «Егер сіз бірдеңе сезінсеңіз, іс жүзінде дәл солай шығар».
•  Денеңізді жақсы қалыпта ұстау. Спортпен шұғылдану, денсаулыққа уақыт бөлу.
•  Балаларды тәрбиелеудің қажеті жоқ, оларға үлгі  бола білу маңыздырақ.
•  Әр адам қабылдаған шешімі үшін өзі жауап береді.
•  Бәрі де мүмкін. Шекара тек біздің басымызда.
 

 

 
Тележүргізуші, аудармашы, филолог, киноактриса және үш баланың анасы – сіз осы мамандықтардың барлығын  қатар алып жүрсіз. Сіздің ойыңызша, сәттіліктен басты жоғалтпай, өзіңізді әртүрлі салаларда қалай ашуға болады?
Жалпы алғанда, бәрі өзіміздің ішкі энергиямыздың мөлшеріне байланысты. Әйелдің күш-қуаты отбасына, тұрмысына, бала тәрбиесіне ғана жете ме, әлде ол жұмысын да қатар алып жүре ала ма? Міне, осы энергияның жетіспеушілігінен жоғарыда аталғандардың бірі ауыртпалық салып, қиындықтар пайда бола бастайды. Ал менде, керісінше,  ісім жүрмесе, жоспарым болмаса, «тұнжыра» бастаймын. Әрине, менің мамандығыма түсіністік танытып, жоғарыдағылардың барлығын біріктіруге мүмкіндік берген жолдасыма алғысым шексіз. Қазақтың «Әйелдің қырық жаны бар» деген мақалын білесіздер. Әйел - ер азаматқа қарағанда нәзік болып келеді, алайда жаратылысынан солай, оның міндеттері көп. Әйелдер өте шыдамды. Сондықтан, қаласақ, қолымыздан бәрі келеді. Ал қызметтен басын жоғалтпау үшін «отбасы – өмір бақи, ал жұмыс – белгілі бір кезеңге» созылатынын түсіну керек. Сонда басымдықты дұрыс қою ғана қалады.  
 
Тележобаның сәттілігі мен ұзақ созылуы жүргізушіге қаншалықты тәуелді?
Бұл толығымен жобаның мағынасына байланысты. Телевизиядағы сан түрлі жобаларда проекттың өзі, оның өзектілігі, көрерменнің сұранысы мен қызығушылығы, қала берді оған деген арна басшылығының қызығушылығы жетекші рөл атқарады, мұндай жобаларда кез-келген жүргізушіні ауыстырып алуға болады. Оның рөлі аса маңызды емес. Жобаның өзі маңызды. Енді бір жобалар белгілі бір жүргізушінің  біліктілігіне, «авторитетіне» сүйеніп шығарылады. Мұндайда жүргізуші басты рөл атқарады.  Жобаның  авторы да өзі болуы мүмкін. Көрермендерді жүргізушінің өзіндік ерекшелігі, білгірлігі, біліктілігі,  өзіндік жүргізу стилі, харизмасы тартады. Ал кейде «кез келген жағдайда іске асырылатын» (бірінші топтағы) бір ірі, қызықты жобаны жүргізуге, біз жоғарыда айтқан, (екінші топтағы) нағыз мықты маманды шақырады. Нәтижесінде, нағыз сапалы өнім шығады. Байқауымша, кейде өте тәжірибелі, халық іздеп жүретін жүргізушілердің теледидарда жобалары болмау да мүмкін. Алайда бүгінгі күні дәстүрлі телевизияға қоса интернет кеңістігі өте жылдам дамып келе жатыр, сондықтан көрерменмен осы кеңестікде қауышуға болады ( Мысалы, YouTube).
 

 

 
Кез келген адам тележүргізуші бола ала ма? Әлде эфирге шығу үшін ерекше бір бейімділік қажет пе?
Телевизия саласында бәрі өмірдегідей. Теледидарға шығудың бірнеше жолдары бар. «Бұйырғаны кетпейді» деген сөз бар, кейде сәті түсіп, адам ойламайтын жерден телевизия саласына келеді, «таныстар арқылы» да келуге болады (ондай жағдайлар да жоқ емес), ал кейде адам бала кезінен осы саланы армандайды, көп жұмыс істейді, оқиды, тура мақсатына жүреді де қалағанына жетеді. Дегенмен, кадрдағы тағы бір топ адамдарды атап өту қажет - бұл мүлдем басқа мамандықтардың иелері - дәрігерлер, аспаздар, заңгерлер, қаржыгерлер және т.б. Олар бала кезінен теледидарда жұмыс істеуді армандамаған, өз мамандықтарын жанындай жақсы көреді, өз ісінің қыр-сырын жетік меңгерген шеберлер.  Жүргізуші рөліне дәл осындай өз ісінің шебері таңдалатын жобалар аз емес. Олар әркім өз саладағы жобаларды, дәрігер – медициналық, аспаз – аспаздық бағдарламаларды сенімді түрде жүргізеді. Адамның өз ісіндегі біліктілігі бірден көзге түседі.
 
Сіздің басты кәсіби мақсатыңыз қандай? Оған жеткеннен кейін не істейсіз?
 Телевизия саласында жұмыс істегеніме 15 жылдан асты. Өз жұмысымды жанымдай жақсы көремін. Алғашында теледидарға шығу, сонда қалу, өзімді, өз мүмкіндіктерімді көрсету  деген мақсат болған. Содан кейін осы саланың нағыз кәсіби маманы болуға, көптеген ілеспе дағдыларды үйренуге, әртүрлі жанрдағы бағдарламаларда өзімді сынап көруге талпындым. Және мен өзімді шынымен бақытты адаммын деп есептей аламын, өйткені тағдыр маған өзімді әртүрлі жанрлар мен бағытта сынап көру мүмкіндігін берді. Тікелей эфирде өтетін және алдын-ала жазылған бағдарламаларды, таңғы, кешкі, ойын-сауық, музыка бағдарламаларын, жаңалықтарды, реалити және ток-шоу, саяхат бағдарламаларын жүргізуде тәжірибем бар.  Сондай-ақ деректі фильм мен спорттық ойын-сауық шоуының жүргізушісі болдым. Телевизия саласы маған киноға түсу және түрлі іс-шараларды тікелей эфирде жүргізу мүмкіндігін ұсынды. Осы күнге дейін мен жоғарыда айтылған бағыттардың барлығында сәтті жұмыс істеп келе жатырмын.  Бұл ғажап! Бұл керемет! Бұл тағдырдың сыйы! Мен көптеген қызықты нәрселерді білдім, көп нәрсені өз көзіммен көрдім, көптеген тау тұлғалардан, тіпті аңызға айналған адамдардан сұхбат алдым. Кәсіби мақсаттар, шын мәнінде, өмірдегі барлық басқа мақсаттар сияқты, біреуі екіншісімен ауыстырылады. Бұл үздіксіз үрдіс. Сондықтан мен әлі де жол үстіндемін. Бұл жағдайда нәтижеден гөрі жолымның өзі маңыздырақ. Оның өзі мақсат болып табылады.
 

 

 

Кез келген ыңғайлы жағдайда теледидар көрмейтінін айтатын адамдарға қалай қарайсыз?
Мен өзім де күнде теледидар қарамаймын. Қазір өмірдің ырғағы өте қарқынды. Атқаратын іс көп. Әр күн бізге жаңа міндеттер әкеледі. Эфирде жүріп жатқан бағдарламаларды көруге әрқашан уақыт бола бермейді. Соңғы жаңалықтардан хабардар болу үшін немесе тың ақпарат біліп алу үшін не болмаса ойын-сауық бағдарламаларды көру үшін теледидар қарап отырудың қажеті жоқ. Басқа да көптеген қызықты дереккөздер бар. Бірақ бос уақытын қалай өткізу - әркімнің өз еркі.
 
Әйгілі лингвист және полиглот Дмитрий Петров  ана тіліңізден басқа тілде екі аптаның ішінде сөйлей аласыз деп есептейді. Сіз онымен келісесіз бе? «Аударманың қиындығын» еңсеріп, сіз сияқты қазақ тілін қалай шебер меңгеруге болады? Бір шет тілін үйренгеннен кейін келесісін үйрену әлдеқайда жеңіл болатыны рас па? Тілді жылдам үйренуге қандай амалдар көмектеседі?
Екі аптада тілді меңгеруге болады! Бірақ, бұл үшін бірнеше маңызды факторларды ескеру қажет. Біріншіден, сізде тілдерді үйрену тәжірибесі болуы керек, басқаша айтқанда, қорқыныштың болмауы өте маңызды. Бір шет тілін меңгерген соң, екіншісін де меңгеруге болатынына сеніміңіз арта түседі. Екіншіден, бір тілдік тобындағы екінші тілі, шынында да, әлдеқайда жылдам сіңеді. Өйткені көп ұқсастықтар бар. Сөйлем құрудың реті бір, бір түбірлі сөздер көп, айтылуы ұқсас. Мен үшін, мысалы, татар немесе башқұрт тілдерін үйрену қиынға соқпайды. Оған әлдеқайда аз уақыт кетеді. Бірақ не болса да көп еңбектену қажет!  Мұны басынан бастап түсіну керек. Ғажайыптар болмайды. Менің ойымша, тіл үйренудің ең тиімді факторы – тілдік орта.  Екінші орында жүйелілік. 15 минуттың барлығын аптасына бір жинағаннан гөрі, күн сайын 15 минуттан  жұмсау әлдеқайда тиімдірек.  Бірақ, шынымды айтсам, мен қазақ тіліне бар ғұмырымды арнадым. Және әлі уақытқа дейін күнде-күнде тың нәрсені біліп, үйреніп жүрмін. 
 

 

 
 
Неліктен көбісі жылдар бойы мектепте тілді үйреніп жүріп, сөйлей алмайды?
Бұл  адамның уәждемесіне байланысты, дәлірек айтсақ, оның жетіспеушілігінен болса керек. Тілді үйренуде алға жылжу үшін алдымен оның өзіңізге не үшін қажет екенін нақты түсіну керек.  Балаға тілді білудің, не оны білмеудің неге әкелетінін қол жетімді түрде түсіндіру керек. Оның салдарын түсіндіру керек. Түсінік болған жағдайда, үйренуге деген құштарлық та пайда болады. Сондай-ақ мектепте және екі институтта оқығанда менің түйгенім - әртүрлі мұғалімдер бар. Біреуімен ән айтасың, экскурсияға шығасың, үй тапсырмасының өзін орындамауға ұялып қаласың. Ал екіншілері... олар басқа. Әсіресе мектепте мұғалімнің рөлі өте жоғары. Адам есейгеннен кейін өз уәждемесін өзі тауып алады.
 
Әлеуметтік желілердегі жеке пиарға қалай қарайсыз? Оған уақытыңыз бар ма?
Әрине, Instagram, Facebook желісінде парақшаларым бар. Бұл жеке брендті жылжытудың маңызды заманауи құралдарының бірі. Бұл менің жұмыстарымның, орындалған жобаларымның, түсірілімдердің және т.б. қысқаша портфолиосы сияқты. Бірақ мен инстаграмда және инстаграм үшін өмір сүрмеймін. Шынайы өмір әлдеқайда қызықтырақ. 
 
Сүйікті үш кітабыңыз туралы айтып беріңізші. Неліктен оларды таңдадыңыз?
Көбінесе мен кітап дүкеніне келіп, кітаптар сөрелеріне жақындаймын да жай ғана парақтай бастаймын, мен үшін кітапқа аздап үңіліп, оны түсіну, байқап көру және сол арқылы өзіме қызықты кітаптар табу маңызды. Мені бәрінен де танымдық әдебиет қызықтырады. Кітап оқу үздіксіз өмірлік үрдіс болуы керек деп есептеймін. Менің сүйікті кітаптарымның арасында Абайдың «Қара сөздері», Наталья Грейстің «Грейс заңдары» және Роберт Кийосакидің «Бай әке, кедей әке» кітаптары бар. Бұл кітаптар шындықты түсінуге, «бидайды сабаннан бөлуге» көмектеседі.  
 

 

 

Сізге берілген ең жақсы, ең құнды кеңес қандай? Ол кімнен болды?
 Ең құнды кеңестердің барлығын маған әкем берді. Ол әрқашан дұрыс сөз таба білген. Менің барлық бастамаларыма сеніммен қарап, мені қолдады, шын жүректен қызығушылық танытты, мен байқағым келмейтін кейбір шешілмей қалып қойған мәселелерге назарымды аудартатын.  Бастаған істі аяғына дейін орындауды үйретті. Мысалы, менің «неге олай емес, неге осылай болып шықты?» деп шағымданғаным есімде. Сонда әкем Соломон патшаның жүзігіндегі жазуды келтірді: «Бәрі өткінші. Бұл да өтеді». Осылай керек кезде дұрыс сөздер тауып, үміттендіріп бағыт-бағдар беріп отыратын. Әкемнің дана сөздері әрқашан жанымда.
 
Өмірде неге көбірек көңіл бөлгіңіз келеді?
Әрине саяхаттарға! Біздің әлем соншалықты кең, ғажайып және қызықты! Мен көп саяхаттағым келеді, барлық континенттерді өз көзіммен көргім келеді. Бұл нағыз бақыттың өзі.  Бірақ соңғы уақытта саяхаттау қиынға соғады және қауіпті болып шығу мүмкін. Түйткілді мәселелер көп. Сондықтан соңғы бірнеше жылда саяхат біз қалағаннан әлдеқайда аз болды. Жақында қалыпты өмірімізге ораламыз деп үміттенемін!
 
Егер сіз бүкіл әлемге хабарлама жібере алсаңыз, не айтар едіңіз?
Табиғатқа, бір-бірімізге аяушылықпен қарау керек деп ойлаймын. Өмірді бағалау қажет! Уақытты тек маңызды нәрселерге бөліп, өз өмірімізге, шынайы өмірге көбірек көңіл бөлуіміз керек.

Толығырақ көру

2025-01-30 00:00:00

Закрытие филиала в г.Семей

АО «Компания по страхованию жизни «Коммеск-Өмір» сообщает о закрытии филиала АО «КСЖ «Коммеск-Өмір» в г. Семей, БИН 100 341 005 740. Основанием для снятия учетной регистрации является решение Совета директоров  АО «КСЖ «Коммеск-Өмір» от 20.01.2025г. протокол №02.

Претензии принимаются в течение 2-х месяцев со дня публикации объявления по адресу: г. Алматы, ул. Наурыз батыра, 19., тел: +7 (727)   244 74 00.

2024-11-05 00:00:00

Антивирус: күтпеген жағдайдан сіздің қорғанысыңыз!

 

Антивирус: күтпеген жағдайдан сіздің қорғанысыңыз!

ЖРВИ – ең кең таралған, әсіресе суық мезгілде жиі кездесетін аурулардың бірі. Біз «Антивирус» деп аталатын жаңа өнім шығарамыз, ол сізді және жақындарыңызды ауырып қалған жағдайда қаржылық қорғауды қамтамасыз етеді.

«Антивирус» деген не? Бұл жинақтаушы емес өмірді сақтандыру, ол ауыр асқынуға, ауруханаға жатуға немесе өлімге әкелуі мүмкін болатын жедел респираторлық вирустық инфекцияларға байланысты тәуекелдерді өтейді.

Бағдарламаның артықшылықтары:

·        Күтпеген жағдайдан қаржылық қорғау. ЖРВИ аурулары ұзақ емделуді немесе ауруханаға жатуды қажет ететін ауыр асқынуға әкеп соқтыруы мүмкін. Сақтандыру жасалғанда ауруға шалдыққан жағдайда емдеу шығыны сізге және отбасыңызға ауыр салмақ болып түспейтініне кепілдік береді.

·        Қиын сәтте қолдау көрсету. ЖРВИ асқынуынан қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемі пайда алушыға табысталады. Бұл қиын жағдайға тап болған отбасы үшін маңызды қаржылық көмек.

·        Шарттары икемді және құны қолжетімді. Полисті 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге ресімдеуге болады, ал сақтандыру сомасының мөлшері қажеттілігіңізге байланысты таңдалады.

·        Тәулік бойы қорғау. Полис Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тәулігіне 24 сағат, 365 күн күшінде болады.

·        Ресімдеу оңай. Полисті онлайн немесе оффлайн оңай ресімдеуге болады. Ең аз құжат қажет етіледі, шарттары анық және келісімшартқа қол қою рәсімі қарапайым.

Бағдарлама туралы көбірек kommesk.kz сайтындағы «Денсаулық» бөлімінен білуге болады.

Шексіз қамқорлықпен, сіздің Коммеск!

 


Толығырақ көру

2025-01-30

Закрытие филиала в г.Семей

АО «Компания по страхованию жизни «Коммеск-Өмір» сообщает о закрытии филиала АО «КСЖ «Коммеск-Өмір» в г. Семей, БИН 100 341 005 740. Основанием для снятия учетной регистрации является решение Совета директоров  АО «КСЖ «Коммеск-Өмір» от 20.01.2025г. протокол №02.

Претензии принимаются в течение 2-х месяцев со дня публикации объявления по адресу: г. Алматы, ул. Наурыз батыра, 19., тел: +7 (727)   244 74 00.

2024-11-05

Антивирус: күтпеген жағдайдан сіздің қорғанысыңыз!

 

Антивирус: күтпеген жағдайдан сіздің қорғанысыңыз!

ЖРВИ – ең кең таралған, әсіресе суық мезгілде жиі кездесетін аурулардың бірі. Біз «Антивирус» деп аталатын жаңа өнім шығарамыз, ол сізді және жақындарыңызды ауырып қалған жағдайда қаржылық қорғауды қамтамасыз етеді.

«Антивирус» деген не? Бұл жинақтаушы емес өмірді сақтандыру, ол ауыр асқынуға, ауруханаға жатуға немесе өлімге әкелуі мүмкін болатын жедел респираторлық вирустық инфекцияларға байланысты тәуекелдерді өтейді.

Бағдарламаның артықшылықтары:

·        Күтпеген жағдайдан қаржылық қорғау. ЖРВИ аурулары ұзақ емделуді немесе ауруханаға жатуды қажет ететін ауыр асқынуға әкеп соқтыруы мүмкін. Сақтандыру жасалғанда ауруға шалдыққан жағдайда емдеу шығыны сізге және отбасыңызға ауыр салмақ болып түспейтініне кепілдік береді.

·        Қиын сәтте қолдау көрсету. ЖРВИ асқынуынан қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемі пайда алушыға табысталады. Бұл қиын жағдайға тап болған отбасы үшін маңызды қаржылық көмек.

·        Шарттары икемді және құны қолжетімді. Полисті 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге ресімдеуге болады, ал сақтандыру сомасының мөлшері қажеттілігіңізге байланысты таңдалады.

·        Тәулік бойы қорғау. Полис Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тәулігіне 24 сағат, 365 күн күшінде болады.

·        Ресімдеу оңай. Полисті онлайн немесе оффлайн оңай ресімдеуге болады. Ең аз құжат қажет етіледі, шарттары анық және келісімшартқа қол қою рәсімі қарапайым.

Бағдарлама туралы көбірек kommesk.kz сайтындағы «Денсаулық» бөлімінен білуге болады.

Шексіз қамқорлықпен, сіздің Коммеск!